Алтын бағасы тағы рекорд жаңартты

382

Бір унциясы 4700 доллардан асты.

Алтын бағасы тағы рекорд жаңартты Фото: gmk.center

2026 жылғы маусым айында жеткізілетін алтын фьючерсінің бағасы Comex биржасында бір трой унциясы үшін 4 700 доллардан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұндай көрсеткіш соңғы рет 2026 жылғы 27 сәуірде тіркелген еді.

Oxu.Az сауда алаңының деректеріне сілтеме жасап хабарлағандай, Қазақстан уақытымен сағат 13:50-дегі мәлімет бойынша, алтын бағасы 3,14%-ға өсіп, бір трой унциясы үшін 4 711,9 долларға жеткен.

Ал сағат 14:00-де фьючерс бағасының өсімі үдей түсіп, бір трой унциясы үшін 4 720,2 долларды (+3,32%) құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу