Алтын бағасының бір трой унциясы 4,9 мың доллардан асты

183

Сондай-ақ, күміс фьючерсіннің бағасы да айтарлықтай өсті.

Алтын бағасының бір трой унциясы 4,9 мың доллардан асты Фото: canva

2026 жылғы ақпан айында жеткізілетін алтын фьючерсінің бағасы Нью-Йорк тауар биржасының (Comex) сауда алаңында тарихи ең жоғары көрсеткішке жетіп, бір трой унциясы үшін 4,9 мың доллардан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қымбат металдың бағасы бір трой унциясы үшін 4900,6 долларды құрады, бұл 1,3 пайызға өскенін көрсетеді. Ал 20:43-ке қарай алтын бағасы өсімін үдетіп, 4902 доллар деңгейіне жетті (+1,33%).

Сонымен қатар, 2026 жылғы наурызда жеткізілетін күміс фьючерсіннің бағасы да айтарлықтай өсіп, бір трой унциясы үшін 96,26 долларды құрады (+3,91%). Осылайша, күміс бағасы да тарихи максимумын жаңартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу