"Алтын белгіге" үміткердің барлық тоқсандық бағасы 5 болуы керек

1219

Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Алтын белгіге" үміткерлерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Алтын белгіге" үміткердің барлық тоқсандық бағасы 5 болуы керек

"Келесі оқу жылынан бастап "Алтын белгіге" үміткерлер үшін талап ары қарай күшейтіледі. Біз талапты кезең-кезеңмен жыл сайын өзгертіп жатырмыз. Өткен жылдары мәселені көтеріп, біраз өзгеріс енгіздік. Биыл екінші кезең қамтылады. Екінші кезең дегеніміз, жылдық "5" деген бағамен қатар, үміткерлердің 5-11 сынып аралығындағы барлық тоқсандық бағалары да "5" болуы керек деген қағида енгізіледі. Оны өте маңызды қағида деп санаймын. Сондықтан осы шешімді де қабылдап отырмыз", – деді Асхат Аймағамбетов. 

Министрдің сөзінше, емтиханды тәуелсіз ұйым өткізеді. Бұл реформа оң нәжесін береді.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу