"Алтын белгіге" үміткерлердің жазбаша жұмысы екі рет тексеріледі

1024

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова биыл қанша түлек болып отырғанын жариялады. 

"Алтын белгіге" үміткерлердің жазбаша жұмысы екі рет тексеріледі

"Алтын белгі" үміткерлерінің жазбаша жұмысын облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған комиссия талдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz вице-министрдің сөзіне сілтеме жасап. 

"Биыл облыстық білім басқармаларының ақпараты бойынша 19 822 мектеп бітіруші "Алтын белгіге" үміткер болып отыр. "Алтын белгі" үміткерлерінің  жазбаша жұмысын облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған комиссия талдайды. Материалды мектептің ішіндегі комиссия тексеріп, балл қойғаннан кейін, барлық жұмыс білім басқармаларына жеткізіледі. Жазбаша жұмыс білім басқармаларының тексеруінен өткеннен кейін "Алтын белгі" иелеріне қатысты бұйрық шығады", – деді Шолпан Каринова. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу