Алтын өндіріп, 844 млн теңге тапқан: Өскеменде "Азаматтарға арналған үкімет" директорының орынбасарлары сотталды

355

Заңсыз өндірілген алтын көлемі 15 келіден асқан. 

Алтын өндіріп, 844 млн теңге тапқан: Өскеменде "Азаматтарға арналған үкімет" директорының орынбасарлары сотталды Фото: Бейнежазбадан

Өскемен қаласында "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалы директорының бұрынғы орынбасары А.А. Рахымжанов пен Д.М. Нұртазин 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар Ұлан ауданындағы Шыбынды учаскесінде алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған.

Осы мақсатта олар өздеріне бағынысты "EastGoldStone" ЖШС-ны пайдаланған. Аталған серіктестіктің тек қатты пайдалы қазбаларды барлауға ғана лицензиясы болған.

Алтын өндіру жұмыстары ауыр техниканың – экскаваторлар, тиегіштер, самосвалдар, сондай-ақ жуу жабдығының көмегімен жүргізілген.

Заңсыз өндірілген алтын көлемі 15 келіден асқан, оның құны 844 млн теңгеден жоғары. Тергеу барысында құны 382 млн теңге болатын 6,7 кг алтын мен 579 г күміс тәркіленді.

Қылмыстық әрекет қоршаған ортаға елеулі зиян келтірген. Бүлінген жер аумағы 18,2 гектарды құрады.

Сонымен қатар заңсыз әрекет барысында мемлекеттік орман қорына жататын ағаштар мен бұталар жойылып, зақымдалған.

Экологиялық залалды жоюға қажетті жұмыстардың құны 300 млн теңгеден асты.

Сот шешімімен құны 372 млн теңге болатын мүлік тәркіленді. Оның ішінде 4 жүк көлігі, 2 экскаватор, 2 тиегіш, гидрожуу құрылғысы, сондай-ақ 10 млн теңге және 56 мың АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша бар.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу