"Алтын Орда" базарында 7 делдалдың жұмысы тоқтатылды

289

Заң талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды.  

"Алтын Орда" базарында 7 делдалдың жұмысы тоқтатылды Фото: finratings.kz

Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытындағы бақылау жұмыстары барысында бірқатар ірі сауда субъектілерінің заң талаптарын бұзғаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жеке кәсіпкерлер сауда үстемесін 17%-дан 86%-ға негізсіз көтеріп, басқа саудагерлерге тауарды қайта сатқан. Аталған фактілер бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, заңнама талаптарын бұзған субъектілерге айыппұл салынды.

Жыл басынан бері жүргізілген бақылау іс-шаралары нәтижесінде 171 сауда субъектісіне қатысты 643 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 3,4 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Оның 467-сі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесін асыру бойынша рәсімделсе, 176 хаттама сауда қызметі туралы заңнама талаптарын бұзуға қатысты толтырылған.

Жыл басынан бері тексеру барысында бір сауда желісі, бір көтерме сауда орны және 11 сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 40%-дан 203,8%-ға дейін негізсіз үстеме қосқаны анықталды.

Сонымен қатар, өңірлік комиссияның жұмысы аясында "Алтын Орда" базарындағы 13 сауда субъектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу