"Алтын Орда" базарындағы төбелестен зардап шеккен 23 жастағы жігіт қайтыс болды

542

Күдікті ұсталды. 

"Алтын Орда" базарындағы төбелестен зардап шеккен 23 жастағы жігіт қайтыс болды

Жәбірленуші соңғы күндері Алматыдағы ауруханалардың бірінде ес-түссіз күйде жатқан еді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маусым айының ортасында әлеуметтік желіде екі жігіттің "Алтын Орда" базарында төбелесіп жатқан видеосы тарады. Кадрда жас жігіттердің бірі екіншісін телефонын ұрлағанын айтып, қайтарып беруін сұраған сәті түсірілген. Кейін екіншісі қарсыласының бетінен екі рет ұрып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Полицейлер жанжалға қатысушылардың екеуінің де жеке басын анықтап, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Зардап шеккен Талғар ауданының 23 жастағы тұрғыны сол күні ауыр жарақаттармен жергілікті ауруханаға жүгінген.

Толық тексеру жүргізілгеннен кейін, бас миының томографиясы жасалып, науқасқа сол жақ сүйек сүйегінің сынуы, мұрын сүйектерінің сынуы мен қисаюы диагнозы қойылды. Жақ-бет хирургтары мен невропатологтар шақырылып, ісінуге қарсы терапия жүргізілген. 20 маусымда жағдайы жақсарып, ер адам ауруханадан шығарылған. Алайда артынша ол Алматы қаласындағы медициналық мекемелердің біріне түсіп, сол жерде көз жұмған. 

Облыстық ПД өкілдері жәбірленушінің өлімін ескере отырып, қылмыстық істі өзгерткен. 

"Бұған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу материалдарында осы уақытқа дейін ауруханада емделіп келген Талғар ауданының 23 жастағы тұрғыны жәбірленуші ретінде тіркелген. Жәбірленушінің қайтыс болғаны анықталды. Осыған байланысты факті бойынша қосымша тергеу әрекеттері ұйымдастырылып, нәтижесінде қылмыстық істі қайта саралау мәселесі қаралды", – деп түсіндірді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

9 шілде күні полиция "Алтын Орда" базарындағы жанжалға қатысқан күдіктіні ұстады. Ол 28 жастағы Жамбыл облысының тумасы болып шықты.

Алматы облысының Әділет департаменті күдіктінің Қарасай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында отырғанын хабарлады.

"Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан, денсаулыққа ауыр зиян келтіріп жасалған тонау" бойынша қозғалды", – деп түсіндірді департаментте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу