"Алтын Орда" және Шамалғандағы жол құрылысы шешімін табуда

1043

Комитет төрағасы атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарынан хабардар етті.  

"Алтын Орда" және Шамалғандағы жол құрылысы шешімін табуда

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов Алматы маңындағы "Алтын Орда" базары мен Шамалған станциясындағы теміржол өткеліндегі жол құрылысы жұмыстары жайлы мәлімет берді.

"Алтын Орда" туралы айтар болсақ, карантин кезінде Райымбек – Алматы жол учаскесінде қозғалыс бөлігін кеңейтуге қатысты күрделі жөндеу жұмыстарына 117 адам мен техниканың 61 бірлігі жұмылдырылды. Осы жол бөлігінде коммуникацияларды тасымалдау, жөндеу жұмыстары ұйымдастырылды. Жол-құрылыс материалдары дайындалды. Жыл соңына дейін жол бойында толықтай қозғалыс ашылып, жаяу жүргіншілерге арналған жер үсті өткелдері мен жасанды құралдардың жұмысы аяқталады деп жоспарланып отыр", – деген Сайранбек Бармақов Шамалған станциясындағы апат болған өткелінің құрылысына тоқталды.

"Шамалған станциясындағы жол өткелінің құрылысы – ұзындығы 6 шақырымды құрайтын, әр бағытта 2 жолақтан, 4 жолақты қозғалысқа лайықталған 1 санаттағы жол ретінде жобаланған. Теміржолмен қилысқан жерде ұзындығы 340 метр болатын эстакада жобасы әзірленді. Эстакада жол қозғалысы қатысушыларына автомобиль жолының аталмыш участкесін еш кедергісіз өтуіне мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жобалау-реттеу жұмыстары аяқталуға жақын. Мердігер компания техникасы мен жабдықтарын жұмылдыруда. Қажетті материалдар дайындалып жатыр. Іргетасын көтеру мен эстакада салу жұмыстары басталып кетті" – деп айтып өтті Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу