"Altyn Samǵaý-2021" Ұлттық спорттық жүлдесі үшін дауыс беру басталды

1296

Қазақстан ҰОК спорт жылының қорытындысы ретінде "Altyn Samǵaý-2021" Ұлттық Спорттық Жүлдесі үшін дауыс беру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

"Altyn Samǵaý-2021" Ұлттық спорттық жүлдесі үшін дауыс беру басталды

Ұлттық спорттық жүлдені салтанатты табыстау рәсімі Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай желтоқсан айының ортасында өтеді.

Пандемияға байланысты былтыр дәстүрлі марапаттау рәсімін өткізуге мүмкіндік болмады және осыған орай ҰОК биыл жүлде иегерлерін анықтау форматына және шараның өзін ұйымдастыруға бірнеше өзгерістер енгізді.

22 қараша күні сағат 13:00-ден бастап, 29 қараша күні түскі 13:00-ге дейін Olympic.kz сайтында спорт сүйер қауым келесі номинациялар бойынша үміткерлерге дауыс бере алады:

1. "Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы".

2. "Қысқы спорт түрлерінен үздік спортшы".

3. "Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы".

4. "Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы".

5. "Жылдың үздік командасы".

6. "Жыл жаңалығы".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу