"Алтыналмас" компаниясының бағалы қағаздары AIX биржасында сатыла бастады

117

Бұл биржада жүзеге асырылған алғашқы тікелей листинг.  

"Алтыналмас" компаниясының бағалы қағаздары AIX биржасында сатыла бастады Фото: aifc.kz

Astana International Exchange биржасы "АК "Алтыналмас" АҚ компаниясының қарапайым және артықшылықты акциялары AIX ресми тізіміне енгізіліп, сауда-саттыққа жіберілгенін хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Алтыналмас" АҚ 1993 жылы құрылған. Компания құнды метал өндіру көлемі мен ресурс базасының ауқымы бойынша Қазақстандағы алтын өндірушілердің үздік үштігіне кіреді. Компанияның активтері Қазақстанның 5 өңірінде орналасқан. Олар: Жамбыл, Қарағанды, Абай, Ақмола және Павлодар облыстары.

AIX алаңындағы сауда-саттыққа 11957 626 қарапайым акция және 5267 артықшылықты акция жіберілді.

Рұқсат беру AIX Листинг қағидаларының 25-бабына сәйкес тікелей листинг форматында жүзеге асырылды. Бұл формат қолданыстағы акционерлерге AIX алаңында өз акцияларымен мәмілелер жасауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу