Алтынға инвестиция салудың тиімді тұсы неде?

735

Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі алтынға инвестиция салудың тиімділігі туралы ақпарат жариялады, деп жазады inbusiness.kz  

Алтынға инвестиция салудың тиімді тұсы неде? Фото: liter.kz

Ақпаратқа сәйкес, алтынға  инвестиция салуға  бірқатар себеп бар:

• дағдарыс пен жоғары инфляция кезеңінде капиталды қорғаудың  ең тиімді құралы;

• акциялар немесе валюта нарықтары секілді аса бір ауытқуларға ұшырамайтын өте сенімді актив;

• жоғары өтімділікке ие.

Алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, ЦентрКредит банкінде, сондай-ақ жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінде сатып алуға және кері сатуға болады.

Айта кетейік, құймалар Алматы, Астана және Атырау қалаларында жоғары сұранысқа ие. Қараша айында 2 516 тазартылған құйма сатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу