Алтынға сұраныс артты

721

Өңірлер бойынша Алматы көш бастап тұр. 

Алтынға сұраныс артты

Ұлттық банктің мәліметтеріне сүйенсек, 2020 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында ел тұрғындары екінші деңгейлі қаржы ұйымдарынан және банктік есем ақша айырбастау пуктерінен жалпы салмағы 566,3 келі 13 мың дана алтын құймасын сатып алған. 

Коронавирустық инфекция пандемиясы кезінде халықтың көбі алтынға инвестиция салғаны байқалады. 

Жыл басынан бері елде саудаланған бағалы металдың жартысынан көбін алматылықтар сатып алған. Мегаполис 55% көрсеткішімен өңірлер бойынша көш бастап тұр. 

Оңтүстік астанадан кейінгі орында 14% көрсеткішімен Атырау, 10% көрсеткішімен Нұр-Сұлтан алдыңғы қатарда. Ал өзге өңірлер елде саудаланған алтынның 21%-ын сатып алған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу