Алтынкөл – Жетіген теміржол учаскесін жаңғырту аяқталды

111

Ұлттық тасымалдаушы компания мердігермен бірлесіп жұмысты 8 ай бұрын ерте аяқтады.  

Алтынкөл – Жетіген теміржол учаскесін жаңғырту аяқталды Фото: rail-news.kz

Елімізде теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жалпы ұзындығы 293 шақырымды құрайтын Алтынкөл – Жетіген учаскесінде жұмыс толық аяқталды. 12 бөлек пункт пайдалануға берілді: 5-еуі жаңадан салынды, тағы 7-сі толығымен қайта жаңартылды.

Басқаруды орталықтандырудың микропроцессорлық жүйесін енгізе отырып, жаңа қабылдау-жөнелту жолдарының құрылысы орындалды.

Алтынкөл – Жетіген учаскесі Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) халықаралық көлік маршрутының маңызды буыны. Оны жаңғырту инфрақұрылымды жаңартудың ұзақ мерзімді стратегиясы шеңберінде іске асырылады және жүк тасымалдарының жылдамдығы мен сенімділігін арттыруға, сондай-ақ елдің транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған. Нәтижесінде учаскенің өткізу қабілеті 80% артты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда Ақсу – Жаңа –Семей, Маңғыстау – Бейнеу, Бейнеу – Шалқар, Қандыағаш – Әлімбет, Никельтау – Тобыл учаскелерін жаңғырту жалғасып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу