Алтынның бағасы көтерілді

818

Оған АҚШ-тың Қытай  және Иранмен қарым-қатынасының өрши түсуі, жаһандық экономикалық өсімнің тежелуі әсер еткен. 

Алтынның бағасы көтерілді

Алтынның бағасы соңғы 6 жылдағы ең жоғары деңгейге көтеріліп, унциясы 1409 долларға саудаланып жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Оған АҚШ-тың Қытай  және Иранмен қарым-қатынасының өрши түсуі, жаһандық экономикалық өсімнің тежелуі әсер еткен. Сонымен қатар Федералды қор жүйесінің базалық пайыздық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылдауы да нарықты бей-жай қалдырмады. Осы жолы алтын қорын еселеуді әдетке айналдырған елдердің айы оңынан туды. Олардың арасында Ресей көш бастап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу