"Алып қашқан кездегі көлік мүлдем басқа болды": Марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы тосын мәлімдеме жасады

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы қыздың ағасы бұған дейін қазақстандықтардан көмек сұраған еді. 

"Алып қашқан кездегі көлік мүлдем басқа болды": Марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы тосын мәлімдеме жасады Фото: коллаж inbusiness.kz

Ал бұл жолы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікке кеңінен тарап кеткен видеоларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оның сөзінше, қарындасын алып қашқан уақыттағы көлік қара түсті және маркасы басқа болған. Ал, пабликтерде ақ түсті машина көрсетілген.

– Пабликтерге шығып жатқан видеоларға қатысты өз пікірімді білдіре кетсем деймін. Алып қашқан кезде негізінде қара көлікпен және басқа маркалы көлікпен шыққан болатын. Ал видеода ақ және басқа маркалы көлік. Нұрай ол кезде бір өзі болған, жанындағы 50 адам – сырт жақтың адамдары. Күліп тұрған да Нұрай емес. Ол – алдында отырған басқа кісі. Ең соңында Нұрай қарсыласқан секілді орамалын шешпекші болған, көрініп тұр оның қаламағаны.

Бұл жерде Нұрайдың үлкен кісілерге деген сыйластығы, шаршаңқы жағдайы әсер етті деп ойлаймын, – деді марқұмның ағасы. 

Бұған дейін Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты күдіктінің үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалғанын жаздық.

20 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21 жастағы қыздың өліміне байланысты Ішкі істер министріне тапсырма берген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу