Алыпсатарлар күш көрсетуге дейін барады

927

Жолаушылар пойызы билеттерін алып, қайта сататындармен күресу үшін, тәулік бойы вокзалдарда рейдтер жүргізіліп, перрондарда, пойыздарда бақылау күшейтілген.  

Алыпсатарлар күш көрсетуге дейін барады

Билеттерді сатып алып, қайта сатушылармен және билетсіздермен күрес күшейтілген режимде жалғасуда, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

Жедел топ қатысушыларының бірі – "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Солтүстік" өңірлік филиалының менеджері Родион Машенскидің айтуынша, жұмыс өз нәтижесін беруде.

"Тексеруді таңның атысынан бастаймыз да түннің жарымына дейін вокзал аумағын аралап шығамыз, пойыздарда жолаушылар билеттерін тексеріп, деректерін құжаттарымен салыстырамыз. Одан кейін ауысамыз, рейдке басқа топ шығады. Бұзушыларды анықтаған кезде желілік полиция қызметкерлерін шақырамыз, олар алыпсатарларға ауызша ескерту жасайды", – деді Родион Машенский.

Тәулік бойы вокзалдарда рейдтер жүргізіліп, перрондарда, пойыздарда бақылау күшейтілген.

"Кейбір сатып алып, қайта сатушылар күш көрсетіп, шу шығарып, тіпті қол жұмсауға дейін барады. Біз олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тырысамыз. Әр түрлі адамдармен ортақ тіл табуда белгілі бір деңгейде психолог та болу керек. Жедел топ мүшелеріне оңай соғып жатқан жоқ", – дейді жедел топ құрамына кірген "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Оңтүстік" өңірлік филиалының сервистік қызмет көрсету жөніндегі директор орынбасары Ерік Айтбеков.

Жедел топ мүшелері жылжымалы кесте бойынша көшпелі рейдтер жүргізіп, пойыздар орнынан қозғалған кезде жолаушылар билеттерін тексере бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу