Алюминийдің бағасы тарихи максимумға жетті

1816

Қазір оның тоннасы 3 400 доллардан асты.

Алюминийдің бағасы тарихи максимумға жетті

Лондон металл биржасындағы (LME) сауда барысында алюминий құны өзінің тарихи максимумын жаңартты, сауда алаңының деректері бойынша тоннасына 3 400 доллардан асты, деп жазды inbusiness.kz тілшісі ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Үш айлық алюминий фьючерстерінің құны Мәскеу уақытымен 13:44-те 4,22%-ға өсіп, тоннасына 3 433 долларға жетті. Алдыңғы рекорд – тоннасына 3 375 доллар – 2008 жылдың шілдесінде орнатылды. Әлемдегі ең ірі алюминий өндірушілердің бірі "Русал" акциялары шамамен 20%-ға арзандап, 60,63 рубль шамасында саудаланып жатыр. 

Айта кететіні, алюминий бағасы 2020 жылдың сәуір айынан бастап өсуде. Бағаның көтерілуі 2021 жылдың қыркүйегінде Гвинеядағы төңкерістен кейін орын алды, бұл әлемдегі боксит өндірісінің 20%-ды құрайды. 

2022 жылдың ақпан айының басында 1 тонна алюминий бағасы 3 200 доллардан асып, жыл басынан бері 18%-ға өсті.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу