Amanat партиясы Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновті ұсынды

1969

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Amanat партиясы Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновті ұсынды Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысына "Amanat" партиясының атынан Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-Министр қызметіне Президент әкімшілігінің жетекшісі Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу