AMANAT партиясынан Мәжіліске кімдер депутат болды?

955

AMANAT партиясының Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды, деп хабарлайды inbusiness.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

AMANAT партиясынан Мәжіліске кімдер депутат болды? Фото: amanatpartiasy.kz

Мәжілістегі AMANAT партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды.

Айта кетейік, партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, "AMANAT" сайлаушылардың 53,9% дауысын жинаған болаты. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу