"Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" жалпыұлттық коалициясының қорытынды отырысында Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай жаңа Конституция жобасының әзірлену барысы туралы пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құжат жобасы қоғам талқысына ашық түрде ұсынылып, азаматтар тарапынан мыңдаған ұсыныс түскен.
– Құжат жобасы қоғамның ашық талқысына ұсынылды. Қоғам тарапынан мыңдаған ұсыныстар келіп түсті, олардың ішінен ең тиімді ұсыныстар іріктелді, – деді Аманжол Әлтай.
Сондай-ақ ол коалиция өкілдері халыққа жаңа Ата Заңның негізгі мазмұны туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін атап өтті. Оның айтуынша, кездесулер барысында Конституцияның Преамбуласынан бастап негізгі нормаларына дейін жан-жақты ақпарат берілді.