Amazon компаниясы 10 мың қызметкерін қысқартады

719

Бұл туралы New York Times жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Amazon компаниясы 10 мың қызметкерін қысқартады Фото: REUTERS

Қысқарту негізінен технологиялық саладағы қызметкерлерге қатысты болады. Оған әсіресе дауыспен басқарылатын гаджеттерді шығаратын бөлімнің жұмысшылары ілігеді.

Соңғы жылдары компанияның шығыны 5 млрд доллардан асып кеткен. Бұған макроэкономикалық ахуал әсер етті. Себебі инфляцияның шарықтауы мен электр энергиясының қымбаттауынан тұтынушылардың сатып алу әлеуеті азайып, шығын көбейген.

Айта кетейік, Amazon компаниясында қазір 1,5 млн адам қызмет етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу