Amazon-нан тауар жеткізу құны 8 есе арзандайды

483

Биылдан бастап Amazon арқылы сатып алынған тауарды Қазақстанға жеткізу мерзімі қысқарады. Ал тауарды елге жеткізу құны 8 есе арзандап, 7-9 доллар болады.   

Amazon-нан тауар жеткізу құны 8 есе арзандайды Фото: facebook/assel.zhiyenbayeva

Бұл туралы Samruk-Kazyna official хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Лондонда "Қазпошта" АҚ басшылығы "Leaders in Logistics" салалық логистикалық саммитінде бірқатар логистикалық компаниялармен келіссөздер жүргізген. Атап айтқанда, "Қазпошта" басшысы эстониялық Omniva поштасының басшысы Март Маги және Cainiao Europe Parcel Network логистикалық компаниясының басшысы Деннис Лимен кездесті. Нәтижесінде Amazon, Alibaba, AliExpress және Lazada жеткізу сервистерін қазақстандықтар үшін жақсарту туралы келісімге қол жетті.

Келіссөз нәтижесінде Қазпошта Amazon, Alibaba, Aliexpress және Lazada онлайн сауда платформаларынан сатып алынған тауарды Қазақстанға жеткізу сервистерін жақсартуға келіскен.

"Биылдан бастап Amazon арқылы сатып алынған тауарды Қазақстанға жеткізу мерзімі қысқарып, ал жеткізу құны 8 есе арзандап, 7-9 доллар болады" - деп жазылған Samruk-Kazyna official хабарламасында.

"Қазпошта" басшысы Әсел Жанасованың айтуынша, қазіргі таңда Қазпошта Amazon, AliExpress және өзге де халықаралық онлайн платформалардан сатып алатын тауарларды Қазақстанға жылдам және арзан бағада жеткізу мүмкндіктерін қарастырып жатыр.

Бүгінгі таңда Amazon-нан алынған тауарды Қазақстанға жеткізу құны - 75 доллар. Елге жеткізу мерзімі 30 күнге жуықтайды.

Енді осы бағаны төмендетіп, уақытты қысқартуға келісім жасалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу