Amazon шығындарды азайту мүмкіндіктерін қарастырып жатыр

601

Американдық онлайн сатушы Amazon.com Inc. шығындарды қысқарту үшін бизнесті қайта қарауды бастады, Alexa дауыстық көмекшісін шығаратын бөлімшеге ерекше назар аударуды жоспарлап отыр, деп жазады The Wall Street Journal дереккөздерге сілтеме жасай отырып. 

Amazon шығындарды азайту мүмкіндіктерін қарастырып жатыр Фото: forbes.com

 

Басшылық дауыстық көмекшінің функционалдығын кеңейтуді қарастырады. Ол үшін инвестицияларды ұлғайту қажет, ал пайдаланушылардың көпшілігі тек шектеулі мүмкіндіктер жиынтығын пайдаланады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Сонымен қатар, Amazon топ-менеджменті кейбір шығынға ұшыраған бөлімшелердің қызметкерлеріне компанияның басқа бөлімдеріне ауысуға кеңес берді, өйткені олардың командалары жабылып, жобалары тоқтатылады, дейді кейбір ақпарат көздері.

"Біздің басшылық инвестициялық жоспарлар мен қаржылық көрсеткіштерді, соның ішінде жыл сайынғы операциялық жоспарларды қайта қарау аясында үнемі бақылауда ұстайды. Әрине, биыл біз макроэкономикалық жағдайға байланысты шығындарды оңтайландыру мүмкіндіктерін қарастыратын боламыз", - деді Amazon өкілі.

Бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша Amazon акциялары американдық қор нарығындағы акциялардың тоқтаусыз өсуі аясында 12%-ға қымбаттады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу