2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Amazon жұмысшылары ереуілге шықпақ

1019

Олар ереуілге Amazon-ның "Prime" деп аталатын жаппай жеңілдік беру күнін таңдаған.

Amazon жұмысшылары ереуілге шықпақ

Американдық трансұлттық компаниясының Германиядағы қызметкерлері алдағы жексенбі және дүйсенбі күндері шеруге шығады. Олар компания басшылығынан жалақыны көтеруді талап етпек. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Ереуілшілер "жалақымыздың есебінен жеңілдік берілмесін" деген ұранмен, елдің бірқатар қаласында бас көтермек. Шара уақыты Amazon-ның "Prime" деп аталатын жаппай жеңілдік беру күнімен тұспа-тұс келіп отыр.

Айта кетсек, Германия компанияның АҚШ-тан кейінгі негізгі нарығы саналады. 

Шеру Верне, Райнберг, Лейпциг, Грабен және Кобленцте өтпек. 

Атап өту керек, Германияда Amazon-ның 12 қоймасы бар. Бұған дейін компания осы жылы елде жаңа қойма ашып, 2800 адамға жұмыс беруді көздейтінін мәлім еткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу