Америкада second hand сегментіндегі киімдерге сұраныс артты

143

Елде импорттық баж салығы өскеннен кейін сырттан келетін киім-кешек қымбаттап барады.    

Америкада second hand сегментіндегі киімдерге сұраныс артты Фото: poolesvillepulse.org

Бұл америкалықтардың қалтасына салмақ сала бастаған, деп жазады inbusiness.kz сайты abcnews-қа сілтеме жасап.

Америкалық түрлі брендпен киім шығарушы компаниялардың басым бөлігі жұмыс күші арзан елдерде орналасқан. Дені – Азия мемлекеттерінде орналасқан. Баж салығы көтерілген соң Америка құрама штаттарда second hand саудасы қыза бастады. Қарапайым халық ақшасын үнемдеу үшін осындай қадамға баруға мәжбүр.

Ал екінші қолданылған киімдерді, аяқ киімдерді және аксессуарларды сататын дүкендер Трамп әкімшілігінің сауда соғысынан пайда табуға дайын отыр. 

Пайдаланылған заттардың құны олардың жаңа баламаларынан төмен және олар елден тыс жерлерден келген жағдайда ғана тарифтерге жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу