Ұсталғандар мен депортациялар туралы хабарламалар, соның ішінде еуропалық туристерді бірнеше апта бойы қамауда ұстау, шекарадағы жағымсыз оқиғалар туристердің арасында үрей тудырса керек, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның үстіне Дональд Трамптың тариф саясаты халықаралық шиеленісті күшейтіп отыр. Бұлай жалғаса берсе, АҚШ туризмнен түсетін миллиардтаған табысынан айырылуы мүмкін.
АҚШ Сауда министрлігіне қарасты халықаралық сауда әкімшілігінің мәліметтері, бойынша өткен айда шетелге келушілер саны өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда шамамен 12%-ға қысқарды. Демек, елге түсетін табыс та азайды деген сөз.
Былтыр туризм саласы ел экономикасына 1,3 триллион доллар табыс әкелген.