Америкалық федералды тергеу бюросы Twitter-ге "жағымсыз жазбаларды" бұғаттау үшін 3,5 миллион доллар төлеген

434

ФТБ Twitter-ге "жағымсыз аккаунттарды" бұғаттау үшін шамамен 3,5 миллион доллар төледі.  

Америкалық федералды тергеу бюросы Twitter-ге "жағымсыз жазбаларды" бұғаттау үшін 3,5 миллион доллар төлеген Фото: Fox News

Бұл туралы британдық Daily Mail әлеуметтік желінің жаңа иесі Илон Маск жариялаған деректерге сілтеме жасай отырып жазады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Twitter-дің қауіпсіздік, контент пен құқық қорғауға жауап беретін бөлімі (SCALE) екі жылға жетпейтін уақыт ішінде "құқық қорғау органдарына қатысты жобалар" үшін ФТБ-дан 3 415 323 доллар алды. Журналист Майкл Шелленбергер жариялаған электрондық хатта SCALE "ФТБ сұраныстарын өңдеу шығындарын өтеу бағдарламасын" құрғаны айтылған.

Америкалық федералды тергеу бюросы (ФТБ) Twitter-ден бұғаттауды сұраған аккаунттар негізінен консерваторлармен және "шетелдік ықпал ету операцияларымен" байланысты болды. Атап айтқанда, Twitter бастапқыда Хантер Байденнің ноутбугымен қатысты оқиғаны "ресейлік жалған ақпарат" деп санады. Бірақ қазір Twitter-дің бас заңгері мен ФТБ-ның бұрынғы бас кеңесшісі Джим Бейкердің Twitter-дегі осы тақырыптағы барлық әңгімелерге тыйым салуға жеке өзі араласқаны белгілі болды.

ФТБ-дағы өте құпия кездесуден бір күн өткен соң, Бейкер Twitter қауіпсіздік бөлімінің бастығы Йоэль Ротқа ноутбукке қатысты ешқандай ақпарат әлеуметтік желіде жарияланбауын тапсырды.

Бұл жағдайға қатысты Twitter-дің жаңа иесі Илон Маск түсініктеме берді:

"АҚШ үкіметі Twitter-ге цензура үшін миллиондаған доллар төлеп келген".

Журналист Мэтт Тайбби "Twitter-дің ФТБ-мен байланысы еншілес компания сияқты тұрақты және жан-жақты болды" деп санайды.

Өкілдер палатасының азшылық - республикалық партияның жетекшісі Кевин Маккарти Twitter-дің бұрынғы басшылары, сондай-ақ ФТБ қызметкерлерін жазалау сотқа бір рет шақырумен шектелмейтінін айтады:

Маккарти - 2023 жылы республикалық партия АҚШ Сенатын бақылауға алған кезде ФТБ-ның әлеуметтік желілермен қарым-қатынасын мұқият тексеруге шақыратын көптеген республикашылардың бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу