Қазақстанның сыртқы борышы көбейген

844

Қазақстанның сыртқы борышы көбейген

Қазақстанның сыртқы борышының көлемі ұлғайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды 24.kz.
2017 жылғы 1 шілдеде ҚР-ның сыртқы борышы 167,9 млрд АҚШ доллары болды. Оның 7,9%-ы немесе 13,2 млрд АҚШ доллары – мемлекеттік сектордың сыртқы борышы, 3,7%-ы немесе 6,2 млрд АҚШ доллары – "Банктер" секторының сыртқы борышы, 25,2%-ы немесе 42,4 млрд АҚШ доллары – "Басқа секторлардың" тікелей инвестицияларға байланысты емес берешегі, қалған 63,2%-ы немесе 106,1 млрд АҚШ доллары осы сектордың фирмааралық берешегін құрайды. 

Данияр Ақышев сондай-ақ мемлекеттік сектордың сыртқы борышы, негізінен халықаралық капитал нарығында шығарылған тәуелсіз еурооблигациялар құнының өсуі және бейрезиденттер тарапынан Ұлттық банктің қысқамерзімді ноттарына деген сұраныстың артуы есебінен 0,4 млрд АҚШ долларына өскендігін де айтты.

"Фирмааралық берешек, негізінен мұнай-газ жобаларын бұдан әрі қаржыландыру және тікелей инвесторлар алдындағы төленбеген  дивидендтер және қарыздар бойынша сыйақы бойынша берешектің өсуі есебінен 1,8 млрд АҚШ долларына ұлғайды", – деді Данияр Ақышев.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, ІЖӨ және тауарлар мен қызметтер экспорты көлемінің өсуі сыртқы борыштың салыстырмалы түрдегі өлшемдерінің жақсаруына ықпал етеді. 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасы жыл басындағы 119,3%-бен салыстырғанда 112,4%-ды, сыртқы борыштың ТҚЭ қатынасы – 375,8%, салыстырғанда 336,6% болды.
"2017 жылғы I жартыжылдықта Қазақстанның таза сыртқы борышы ІЖӨ-ге қатысты 27,6%-ды құрай отырып, 3,1 млрд АҚШ долларына 41,2 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды", – деп атап өтті қаржы реттеушісінің басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу