Танымал америкалық рэпер Канье Уэст Алматыға келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әуежайда рэперді қарсы алу сәтінен бейнежазба желіде тарады. Кадрлардан оны қазақтың ұлттық биімен және ұлттық дәмімен қарсы алғанын байқауға болады. Әлемге әйгілі музыкант әйелі Бьянка Цензори және командасымен бірге келген.
Бүгін, 14 тамызда Канье Уэст Алматының Орталық стадионында концерт береді.
Бұған дейін Алматы қаласының әкімдігі Канье Уэстің концертіне байланысты 32 қоғамдық көлік бағытының қозғалысы уақытша өзгеретінін хабарлаған еді. Сағат 16:00-ден 00:00-ге дейін Орталық стадион маңында автокөлік қозғалысына шектеу енгізіледі. Атап айтқанда, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде – Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі аралықта, сондай-ақ Байтұрсынов көшесінде –Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.
Шектеу кезеңінде қоғамдық көліктің 32 бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді: №3, 18, 21, 25, 30, 34, 44, 57, 62, 65, 66, 79, 90, 92, 95, 98, 118, 120, 120А, 121, 128, 130, 209, 210, 211, 224 автобус бағыттары және №ТП5, ТП6, ТП7, ТП9, ТП19, ТП25 троллейбус бағыттары.