Америкалық танымал әнші Akon қазақстандық жанкүйерлердің жазбаларына репост жасаған

321

Әйгілі рэпер Алматы қаласына келді және оны әуежайдан әріптестері мен жанкүйерлері күтіп алды. 

Америкалық танымал әнші Akon қазақстандық жанкүйерлердің жазбаларына репост жасаған Фото: видеодан скриншот: Instagram/ almatyarena

Белгілі американдық әнші өзінің Instagram парақшасында концерттерін тағатсыздана күтіп тұрған қазақстандық жанкүйерлердің жазбаларына репост жасады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Жалпы, Akon-ның Алматыға келгені туралы ақпарат Instagram желісінде пайда болды. Алматы Аренаның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында пайда болған кадрлардан Оңтүстік Астанада рэперді қалай жылы, күлімсіреп және музыкамен ерекше қарсы алғанын көруге болады.

Әртісті және оның командасын джембада (африкалық барабандар) аспабын ұрып жатқан музыканттар тобы қарсы алды. Сондай-ақ, қарсы алғандардың арасында қазақстандық орындаушы, әнші Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев та болды.

Американдық рэпердің кең күлкісіне қарағанда, оған қабылдау өте қатты ұнады және ол Қазақстан жұртшылығына ризашылығын білдірген.

Танымал өнер иесі 15 желтоқсан күні Алматы қаласында, ал 18 желтоқсанда Астанада өзінің жеке ән кешін өткізеді.

Айта кетейік, бір күн бұрын Алматы Аренаның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында рэпердің бейне үндеуі пайда болып, Аkon барлық қазақстандықтарды өзінің концерттеріне шақырды.

“Ассалаумағалейкум! Сіздерді 15 желтоқсан күні Алматы аренада күтемін. Одан кейін 18 желтоқсанда Астана қаласындағы Конгресс-Холлда кездесеміз”, – деп әншінің өзі жанкүйерлеріне үндеу жасады.

Сонымен қатар, әншінің тыңдармандары мен жанкүйерлері қазақ еліне келгеніне қуанып, жарыса видеосын жүктеп жатыр. 8 миллионнан астам оқырманы бар әнші барлығын өзінің Instagram парақшасында бөлісіп жатыр.

Бұдан бөлек, талантты әншінің ресми сайтында оның музыкасы R&B, хип-хоп және регги жанрларын африкалық ырғақтар мен әуендер элементтерімен оңай үйлестіретіні атап өтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу