Америкалық вакцинаны сатып алу бойынша көліссөздер жүргізіліп жатыр – министр

882

Екпенің елге қашан жеткізілетіні белгісіз.

Америкалық вакцинаны сатып алу бойынша көліссөздер жүргізіліп жатыр – министр

АҚШ компаниялары өндірген коронивирусқа қарсы вакцинаны сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Біз (COVID-19-ға қарсы екпені сатып алу бойынша – автор) АҚШ-тың жетекші компанияларымен көліссөздер жүргізіп жатырмыз. Бүгінде вакцинаның елге қашан жеткізілетіні белгісіз. (Екпені елге жеткізу – автор) мерзімі – 2021 жылдың екінші жартыжылдығы деп көрсетіліп отыр", - деді министр халыққа есеп беру кездесуінде. 

Сондай-ақ Алексей Цой алдағы уақытта тиісті мәліметті беретінін атап өтті.

"Көліссөздерді жүргіп жатырмыз. Соңғы ақпаратты алған соң (екпені – автор) жеткізу мерзімін жариялаймыз", - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанға "Sinopharm" вакцинасының 750 мың дозасы жеткізілетіні хабарланған еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу