Америкалықтар Байденнің сөзінен соң ашуға мінді

557

АҚШ президенті Калифорниядағы бензин баяғыдан қымбат болғанын айтамын деп басы дауға қалды.

Америкалықтар Байденнің сөзінен соң ашуға мінді Фото: EPA

Бұл мәлімдеме Twitter қолданушылары арасында наразылық тудырды, деп хабарлайды Fox News.

Президентке сауал қойған тілші Калифорниядағы жанармай құнының өсуіне қатысты түсініктеме беруді өтінді, оған Байден: "бұл аймақта жанармайдың бағасы тұрақты түрде жоғары екені белгілі", – деп жауап беріп, одан да шұғыл шешімді қажет ететін әлдеқайда маңызды мәселе – үй бағасына назар аударуды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Прайм" агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Twitter қолданушылары АҚШ көшбасшысының тақырыпты өзгертуге талпынғанын бірден байқап, оны сынға алды.

"Байденизм Лос-Анджелесте қызу жүріп жатыр. Бензиннің жоғары бағасының тұрғын үй мәселесіне қандай қатысы бар?", – деді Джеймс Галлагер, Республикалық партияның өкілі.

"Кешіріңіз, президент мырза, бірақ бұған дейін Калифорнияда бензиннің бір галлоны жеті доллар тұрмаған. Шындап келсек, сіз Президент болғанға дейін тіпті бес доллар тұратын жанармай қымбат саналды. Сіздің саясатыңыз елді қалай тоқырауға итергенін түсінбейтін сияқтысыз", – деп жазды Республикалық Сенатқа кандидат Марк Мейзер.

Сенатқа үміткер Скотт Боу бензиннің Ұлттық орташа бағасы төрт долларға дейін көтерілгенін, бірақ түсініксіз себептермен тек Калифорнияда галлон жеті доллар тұратынын атап өтті.

"Байден бұл дүрбелеңді тоқтату үшін ештеңе істемеді!", – деді Боу.

"Керемет жұмыс, Байден, рекордтық жоғары бағаға қол жеткізуге көмектескеніңіз үшін рахмет", – деді Калифорния республикалық партиясының төрағасы Джессика Миллан.

Батыс елдері Мәскеуге қарсы санкциялар мен ресейлік отыннан бас тарту бағамына байланысты энергия бағасының, одан кейін инфляцияның өсуімен бетпе-бет келді. Жанармайдың, ең алдымен газдың қымбаттауы аясында Еуропадағы өнеркәсіп бәсекелестік артықшылықтарынан айырылды. Оның әсері экономиканың басқа салаларына ықпал етті. Сондай-ақ АҚШ пен Еуропа мемлекеттері ондаған жылдар бойы рекордтық инфляцияға ұшырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу