Америкалықтар киіз үйде тұра бастады

2459

Диаметрі 9 метрді құрайтын киіз үйде күнделікті тұрмысқа қажетті жиһаз бен техниканың бәрі орнатылған.

Америкалықтар киіз үйде тұра бастады

Орегон штатындағы Портланд қаласында ерлі-зайыпты Зак пен Николь қазақ технологиясы негізінде баспана салып шыққан. Тек нью-модерн стилінде. Айтуларынша, бұл машина-үйде тұратындар үшін таптырмайтын, өте ыңғайлы үй болмақ.

Диаметрі 9 метрді құрайтын киіз үйде күнделікті тұрмысқа қажетті жиһаз бен техниканың бәрі орнатылған. Асхана, дамалыс бөлмесі, тіпті шаңырақтың қасында, жоғарыда жатын орын да бар.

Әдемі әрі ерекше үй жайында ютубтағы "Living Big In A Tiny House" арнасы 21-қыркүйекте жариялаған. 5 күннің ішінде 800 мыңға жуық қаралым жинапты.

Қазақ үйіне таңданысып, жағымды пікір қалдырып жатқан америкалықтар да көп. Енді Зак пен Николь Портланда киіз үй бизнесін бастауды жоспарлап отыр. Бұған дейін олар машина-үй жасап келгендерін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу