Америкалықтар Трамптың ұлықтау рәсімін болдырмай тастауы мүмкін

803

Америкалықтар Трамптың ұлықтау рәсімін болдырмай тастауы мүмкін

Мыңдаған белсенді Дональд Трамптың 20-қаңтарда Вашингтонда өтетін ұлықтау рәсімін бұзбақшы. Жаңа сайланған президентке наразылық танытушылар Трамп ант қабылдайтын жерге жеткізетін 12 жолды жауып тастамақ, деп жазады reactor.inform.kz.

Сондай-ақ олар жолды жауып, наразылық шеруін ұйымдастыру арқылы дәстүрлі ұлықтау кешін болдырмауды жоспарлап отыр. Акцияны ұйымдастырушы Дэвид Терстон: "Біз осы қала мен бүкіл елдің көтерілгенін көргіміз келеді"-дейді. Олардың жоспарларында бұдан өзге де шаралар болуы мүмкін. Бірақ Трамп жақтастарының тарапынан болатын қарсылықтан қауіптеніп отыр.
 
Ұлықтау рәсімі болатын күні түрлі акция өткізуге бас аяғы 27 бастамашыл топ рұқсат алған. Бұл алдыңғы ұлықтау рәсімдерінде берілген рұқсаттан төрт есе көп.
 
Осы жолы Трамптың ант қабылдауына 800 мың көрермен келеді деп күтілуде. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарулы күштердің 15 мың қызметкері тартылған.
 
Трамп пен оның жақтастары наразылық білдірушілердің бұл істеріне әлі жауап қайырған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу