Америкалықтардың 80%-ға жуығы мемлекеттік қарыз бойынша келісімдерді күтеді

381

Өйткені дефолт кейбір отбасылар үшін қаржылық қиындық туғызады.

Америкалықтардың 80%-ға жуығы мемлекеттік қарыз бойынша келісімдерді күтеді Фото: reuters.com

Америкалықтардың 80%-ға жуығы АҚШ президенті Джо Байден мен Конгресстегі республикашылар мемлекеттік қарыздың шегі туралы келісімге келуі деген пікірде. Бұл туралы inbusiness.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, АҚШ Қаржы министрлігі Конгреске мемлекеттік қарыздың 31,381 триллион долларлық шегіне жетуіне байланысты "ерекше шараларды" қолдануды тапсырды. АҚШ Қаржы министрлігінің басшысы Джанет Йеллен бұған дейін мемлекеттік қарыз туралы шешімсіз Үкімет өзінің барлық міндеттемелерін 1 маусымға дейін орындай алмайтынын ескертті.

"Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, америкалықтардың 76% екі тарап келісімге келуі керек деп санайды, өйткені дефолт көп отбасыға қосымша қаржылық жүктеме қосуы мүмкін", - делінген Reuters хабарламасында.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу