Американың әуе компаниясы Трамптың қызына тіл тигізген жолаушыны ұшақтан түсіріп жіберді

847

Американың әуе компаниясы Трамптың қызына тіл тигізген жолаушыны ұшақтан түсіріп жіберді

АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы Иванка Трампқа тіл тигізген JetBlue Airways әуе компаниясының жолаушысы жолынан қалды, деп хабарлайды америкалық TMZ интернет-порталы.
"Сіздің әкеңіз елді құртып жатыр. Ол неліктен біздің рейспен ұшып бара жатыр? Ол жеке ұшақпен ұшуы тиіс", – деп айқайлады ер адам Д.Трамптың қызына қаратып.
Әуе компаниясының қызметкерлері оны ұшақтан түсіріп жіберді. JetBlue Airways-тың ресми хабарламасында айтылғандай,  жанжал тумас үшін жолаушы рейстен қалдырылған, алайда TMZ мәліметі бойынша, И.Трамп ұшақтағы тентекке елең қылмаған.
Оқиға Нью-Йорктегі Жон Кеннеди атындағы әуежайда орын алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу