Амир Омарханов әлемдегі үздік 30 теннисшінің тізіміне енді

261

Қыздар арасында Асылжан Арыстанбеков үздік елулікке жақындады.

Амир Омарханов әлемдегі үздік 30 теннисшінің тізіміне енді Фото: Теннис федерациясы

Қазақстандық Амир Омарханов 18 жас және соған дейінгі жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына кірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Амир 58-ден бірден 28-сатыға көтерілді.

Даниал Рахматуллаев 115-тен 61-сатыға бір-ақ шықты. Сол секілді Виталий Зацепин – 85 (+71), Ильяс Маратұлы – 150 (+93), Заңғар Нұрланұлы 177-орынға (+105) жоғарылады.

Қыздар арасында Асылжан Арыстанбеков үздік елулікке (51-орын, +15) жақындады. Сондай-ақ Айя Нұпбай – 168 (+49), Полина Слепцова 176-сатыға (+52) орнықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу