Парижде өткен әлем чемпионатында Әмір Зәкіров қола жүлде алды

1089

2024 жылғы Олимпиадаға дайындық аясында Парижде брейкингтен (брейк-данс) әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.   

Парижде өткен әлем чемпионатында Әмір Зәкіров қола жүлде алды

Аталған сынға Қазақстан атынан Дәулет Анарбекұлы, Диляра Әубәкірова, Әмір Закиров және Ирина Усманова қатысқан болатын. 

Петропавл қаласының тумасы Әмір Закиров жүзден аса спортшының арасында іріктеуден іркілмей өтіп, Словакия, АҚШ, Франция өкілдерін басып озды.

Жартылай финалда Әмір канадалық спортшымен жарысып, қарсыласқа жол берді. 

Ал қола медаль үшін өткен жарыста Бразилия өкілі Луан Санды ұтып, әлем чемпионатында үздік үштікке енді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу