Амнистия аясында 2,6 мыңнан астам адамға қатысты шешім қабылданды

141

1 шілдеде “Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты амнистия жасау туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.  

Амнистия аясында 2,6 мыңнан астам адамға қатысты шешім қабылданды Фото: gov.kz

Амнистия тек сотталғандарға ғана емес, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша тергеудегі адамдарға да қолданылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі таңда ішкі істер органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 2471 қылмыстық іс бойынша 2621 адамға амнистия қолданды. Оның қолданылу аясы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауды, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуді көздейтін “Заң мен Тәртіп” тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу