Рақымшылыққа ілінген экс-банкир Жомарт Ертаевқа қатысты шешім қайта қаралды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ертаевқа қатысты сот қаулысы бүгін бұзылды. Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен ҚР Бас прокуратурасы Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ мәселені алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын!", – деп жазды Абзал Құспан Фейсбуктегі парақшасында.
Депутат экс-банкирдің амнистияға ілінуі туралы сот шешімі заңсыз екенін мәлімдеген еді.
Айта кету керек, бұған дейін экс-банкир Жомарт Ертаев рақымшылыққа іліккенін жазған едік. Ол 11 жылға сотталған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу