banner

АМӨЗ-де заманауи мұражай ашылды

1705

Онда виртуалды экскурсия жасауға болады.

АМӨЗ-де заманауи мұражай ашылды

Атырау мұнай өңдеу зауытында кәсіпорынның 75 жылдығына орай "тарих және еңбек даңқының" жаңарған мұражайы ашылды. 

Онда залдардың дизайны, мультимедиялық жабдықтары бар жаңа экспозициялық кеңістік интерактивті экскурсиялар өткізуге мүмкіндік береді. Ақпараттық стендтер кәсіпорынның тарихы мен жетістіктерін көрсетсе, LED экран арқылы зауытқа виртуалды экскурсия жасауға болады, бұдан бөлек, кәсіпорын жайлы деректі фильмдер де бар.

Сурет галереясына ерекше суреттер ілініп, АМӨЗ-дің бір ғасырлық мерейтойында ашылуға тиіс капсула орнатылған.

"Өткенді білу және құрметтеу – аса маңызды қасиет. Бүгінші шара зауыт мекемесінің өндіріс, экономика туралы ғана емес, рухани мазмұн, ұрпақтар сабақтастығы туралы да ойлайтындығы көрсетеді. Мұражай бұған дейінгі аға буынның бай тәжірибесі мен білім-білігін кейінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік бермек", – деп атап өтті АМӨЗ бас директоры Шухрат Данбай.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу