АМӨЗ жанармайды ЕО елдері нарығына шығаруға мүмкіндік алды

840

АМӨЗ бензині Еуроодақ стандарттарына сәйкес сертификатталды.  

АМӨЗ жанармайды ЕО елдері нарығына шығаруға мүмкіндік алды

"АМӨЗ" ЖШС қоғаммен байланыс қызметінің хабарлауынша, өнім REACH сертификатын ала отырып, Еуропалық Одақ нарығына импорттауға арналған химиялық заттар мен олардың қоспаларының сапа деңгейін бағалаудың толық рәсімінен өткен.

REACH регламентіне сәйкес, ЕО-да жылына 1 тоннадан астам мөлшерде өндірілетін немесе импортталатын кез-келген химиялық зат тіркеуге жатады.

Айта кетсек, 2020 жылдың сәуір айында АМӨЗ өндірісінің хош иісті көмірсутектері – бензол және параксилол REACH сертификаттауынан өткен болатын. Бензин Еуропалық сапа стандарттарына сәйкестігі расталған кәсіпорынның үшінші өнімі болып отыр.

REACH сертификатының болуы Атырау жанармайына Еуропалық Одақтың барлық елінің нарығына есік ашады, себебі құжат Еуроаймақтың барлық аумағында мойындалған және ЕО шекарасында сертификатталған өнімнің еркін айналысын білдіреді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу