Ол халыққа медициналық қызмет көрсету үшін бөлінген 400 млн теңгеден астам қаражатты жүйелі түрде ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Ол жемқорлық әрекеттерге акционерлік қоғамның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен барған. Көрсетілмеген медициналық қызметтерді "көрсетілді" деп толтырған. Күдікті қамауға алынды.
"Жымқыру медициналық ұйымның "Damumed" ақпараттық жүйесіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде Өскемен қаласының тұрғындарына көрсетілген қызметтер туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізу жолымен жасалды", – делінген агенттік таратқан хабарламада.