"АМТ" компаниясының бұрынғы басшылығы Қазақстан билігімен соттаспай ма? – министр жауабы

355

"Арселор Миттал Теміртаудың" бұрынғы басшылығымен келіссөз процесі 1 жылдан астам уақытқа созылған.  

"АМТ" компаниясының бұрынғы басшылығы Қазақстан билігімен соттаспай ма? – министр жауабы Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметте өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Осы келісімшарт аясында, бұрынғы басшылық Қазақстан Республикасымен келешектегі сот талқылауларынан бас тарту туралы құжатқа қол қойды. Енді олар сотқа бере алмайды. Себебі, осы келісімшарт негізінде өздері Қазақстанмен соттасу құқығынан бас тартты", - деді ведомство басшысы журналистердің сауалына берген жауабында.

Кәсіпорынды сату барысында шетелдік инвесторлар да қызығушылық танытқан. Алайда, Қанат Шарлапаев олардың атын атауды құп көрмеді.

"Басқа инвесторлар тарапынан қызығушылық болды. Бұл процесс ұзақ уақытты алды, оған Үкімет те жұмылдырылды. Біздің негізгі міндет –Қазақстан шешім қабылдау орталығы болып саналатын инвесторларға басымдық беру болды. Бақса инвесторлардың қызығушылықтарына қарамастан, біз Қазақстанда негізгі актив шоғырланған инвесторларға назар аудардық", - деп толықтырды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу