banner

Ана мен бала өлімі көрсеткіші жоғары облыстар аталды

813

Биыл алғашқы алты айда ана өлім-жітімінің көрсеткіші 2,4 есе төмендеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Ана мен бала өлімі көрсеткіші жоғары облыстар аталды

Бұл туралы Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Министр келтірген мәліметке қарағанда, 100 мың тірі туғандарға шаққанда 26,4-тен 11,0-ге дейін (29жағдай) төмендеген).

Ана өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады.

"Себептер құрылымында-акушерлік асқынулар 70%, соматикалық аурулар-30% құрады", – дейді Ажар Ғиният.

Ал нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 1 000 тірі туғандарға шаққанда 8,3-ті құрады.

Нәрестелер өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Шымкент қаласы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында байқалады.

33% жағдайда 1 000 граммға дейін шала туған, салмағы аз балалар шетінеген.

"Медициналық ұйымдардың кадрлық әлеуетін нығайту үшін резидентурада медицина кадрларын, оның ішінде акушер-гинекологтар, неонатологтар және анестезиолог-реаниматологтар сияқты арнайы және тапшы мамандықтарды даярлауға арналған гранттардың саны бір жарым мыңға дейін ұлғайтылды", – деп сендіреді министр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу