Ана өлімі 47, бала өлімі 18 пайызға азайды

992

Ана өлімі 47, бала өлімі 18 пайызға азайды

Оңтүстік Қазақстан облысында Халықаралық мейірбикелер күніне арналған мерекелік іс-шара өтіп, орта буын медицина қызметкерлері марапатталды.

Салтанатты шарада облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев құттықтау сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Басқарма башысының сөзінше, жыл сайын облыс тұрғындарының 438 мыңы ауруханада ем алады. Әрбір азамат жылына кем дегенде 4 рет емханаға қаралады. Ал  жедел жәрдем көмегіне 1 млн-нан астам адам жүгінеді. Тұрғындарына көрсетілетін осындай медициналық көмек түрлерінің сапалы болуына облыс бойынша 22 мыңнан астам мейірбике үлес қосып келеді. "Күн-түн демей, қай уақытта болса да алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын тұратын мейірбикелердің сырқаттанып келген тұрғындардың сауығып кетуіне қосып жатқан үлесі өте үлкен. Орта буынды медицина мамандарының көмегімен облыста биылғы бірінші тоқсанның қорытындысында ана өлімі 47 пайызға, бала өлімі 18 пайызға азайды, - дейді Мұқан Егізбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу