Ана тілі туралы заң қабылдау керек – депутат

985

Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов елімізде қазақ тілінің ықпалын күшейту мақсатында Ана тілі туралы арнайы заң қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ана тілі туралы заң қабылдау керек – депутат Фото: egemen.kz

Сенатор әлемде қаншама тіл жоғалып кеткенін, қаншама тілге жоғалу қаупі төніп тұрғанын атап өтті.

"ЮНЕСКО 2100 жылы әлемдегі 7 мыңға жуық тілінің жартысынан астамы жойылады деген болжам жасаған. Үрейлі цифрлар. Сондықтан Ата заңға, қолданыстағы Тілдер туралы заңға қайшы келмейтін Ана тілі туралы заң қабылдау қажет", - деді Бақытжан Жұмағұлов Сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдауда.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу