20 жастағы Гүлжан қатерлі ісіктің 3-ші сатысымен күресіп жүр. Оның анасы – І топтағы мүгедек, арбаға таңылған, көзі көрмейді.
– Қолым жансызданып қалды. Үндістанға барып ем алғым келеді. Әкем мен дүниеге келмей тұрып қайтыс болған. Анам бірінші топтағы мүгедек, көзі көрмейді. Оның інісі де арбаға таңылған, естімейді. Бізде үй болмады. 5 жасымнан бастап жұмыс істеп келемін. Күнде дұға жасап, әрекет етіп жүрмін. Бірінші отадан соң маған осындай диагноз қойылды. Дәрігерлер химия терапиясын ұсынды, бірақ оны анама айтпадым. Өйткені, менсіз ол кісілерге қарайтын жан қалмайды деп қорықтым, – дейді Гүлжан көзіне жас алып.
Осы сәтте "Маскалы жігіт" оған қолдау білдіріп, бәрі жақсы болатынын айтты. Қыздың еміне қаржы беріп, қалаған кәсібін ашуға көмектесетінін жеткізді. Ең бастысы – Гүлжан мен анасына баспана сыйлады.
Бұл жаңалықты естігенде қыз шыдамай, көз жасына ерік берді. Оның жүрегінде көптен күткен үміт пен сенім қайта жанды.