"Анасын қорғамақ болған": Қостанай облысында 15 жасар бала кісі қолынан қаза тапты

188

Күдікті ұсталды.  

"Анасын қорғамақ болған": Қостанай облысында 15 жасар бала кісі қолынан қаза тапты Фото: pexels.com

Жітіқара қаласында отбасылық жанжал салдарынан 15 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қостанай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 25 сәуір күні болған. Жітіқара қаласының 37 жастағы тұрғыны отбасылық жанжал кезінде пышақ жарақатын алған. Ал оның 15 жастағы ұлы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Жанжал ерлі-зайыптылар арасында болған. Анасына араша түскен ұлы қаза тапқан. Аталған факті бойынша "адам өлтіру" және "адам өлтіруге оқталу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол – әйелдің күйеуі әрі көз жұмған жасөспірімнің өгей әкесі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу