Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Корденонстегі "Челленджер" додасының 1/4 финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Италия жерінде өтіп жатқан теннис бәсекесінде ол уругвайлық Ариэл Бехармен бірге жұптық кезеңде бақ сынауда. Аталған жұп ширек финалда италиялық Даниэле Валентино/Маттео Марфианы 2:6, 1:6 есебімен ұтты. Енді жартылай финалда Бонзи/Хоанг - Маргар/Вавас жұбының жеңімпазымен кездеседі.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу